×

«Барыс» ҚХЛ-да плей-оффқа шыға алмады

Астанананың хоккей клубы соңғы орын алып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 17:16
фото: ашық дереккөз

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңіліп қалды. Бұл жолы «Барыс» өз айдынында Минск қаласының «Динамо» клубынан 2:5 есебімен ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толығымен айырылды.

Сөйтіп, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында плей-оффтан үмітін үзген алғашқы команда атанды. Команда 64 ойында 59 ұпай жинап, конференцияда ең соңғы орында қалды. 

Астана клубының ҚХЛ-дағы кезекті матчы 18 ақпанда «Куньлунь Ред Стар» командасымен болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама