ФИФА үш жылдағы рекордтық табысын жариялады

Дастан Жұмабекұлы

Енді ұйым 2023-2026 жылдар аралығында 11 млрд АҚШ долларын табуды жоспарлап отыр

фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кеңесі былтырғы жылдық табыс есебін жариялады.

Құжатта ФИФА-ның 2019-2022 жылдардағы табысы 7,6 млрд АҚШ доллары болғаны атап көрсетілген. Бұл – ұйымның бұрын-соңды болмаған рекордтық кірісі.

ФИФА-ның футболға бұрын-соңды болмаған инвестициясы – біздің күшті қаржылық ашықтығымыздың нәтижесі. Сондай-ақ футболды әлемдегі нөмірі бірінші спорт екенін көрсетудің нақты мысалы. Коронавирустың кесірінен көптеген қиындықтың болғаны рас. Сол қиындықтың бәрін Катарда өткен әлем чемпионаты жуып-шайып кетті, – деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

Енді Халықаралық футбол федерациясы сайтында жариялаған мәліметке қарағанда, ұйым 2023-2026 жылдар аралығында 11 млрд АҚШ долларын табуды жоспарлап отыр.