СҚО-да қызды зорлаған күдікті ұсталды
Ол Булаев қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының полицейлері Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жастағы қызды зорлаған күдіктіні ұстады.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызды зорлаған күдікті осы қаланың 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз. Сондай-ақ Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне мектеп оқушысының сыныптастарын пышақпен қорқыту фактісі бойынша өтініштер түспегенін хабарлаймыз, – делінген СҚО ПД хабарламасында.
Қазір полиция қызметкерлері осы факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.