×

Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: шенеуніктер жұмысынан шеттетілді

Олар тергеудің аяқталғанын күтіп отыр

 Дәурен Ерболат 16.02.2023 | 13:23
фото: ашық дереккөз

Бүгінде Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне байланысты бірқатар басшы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, сарбаздың өлімін ІІМ Әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр. 

Тіпті, бізге тергеу материалдарымен танысуға мүмкіндік берілмеді. Сондықтан бұл мәселеге түсінік бере алмаймын. Тергеу материалдарын көрмедім. Ол аяқталғанда бізге материал беріледі. 
Осыдан кейін тиісті шаралар қабылданады, - деді Ерлан Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Қайғылы оқиғаға қатысты ҰҚК Шекара қызметі де тергеу жүргізген.

«Біз де өз тергеуімізді жүргіздік. Бірқатар тәртіптік және басқа шараны қабылдадық. Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, шекара басқармасының басшы, оқиға болған жердегі заставаның тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Болашақта осы лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданады», - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, 2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысында сарбаз қайтыс болды.

ҰҚК Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы Бекбол Мираш асылып қалған жерінен табылды. Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды.

Сержант Айбек Нұртаев шекара қызметінде 20 жыл жұмыс істеген. 4 баласы бар. Оған қайтыс болған Бекбол Мирашты ұрып-соқты, қадір-қасиетін қорлады деген айып тағылған. ...) Басында сарбаздың кездесіп жүрген қызымен ұрысып қалғаны айтылды. Содан кейін қыз ақпаратты жоққа шығарды. Бір-екі күн өткен соң қызымен ұрысып қалған деп жауап берген сарбаздар сөзін өзгертіп, сержант Нұртаев ұрып-соққан, ақша сұраған деп жауап берген, - деді күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев.

Адвокаттың айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында 5 адам бірігіп ішімдік ішкен.

2022 жылғы 24 қыркүйекте іс бойынша сот-биологиялық сараптама нәтижесі шықты. Ол жерде марқұмның киімдерінен бірнеше адамның биоматериалы (спермасы) табылған.

Адвокаттың мәлімдемесінен кейін сарбаздың қазасына байланысты тергеу әрі қарай жалғасатын болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама