Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да Храпунов иеленген ең шұрайлы жерлер мемлекетке қайтарылды

Оған тиесілі барлық жер телімінің жалпы құны 5 млрд теңгеден асады

 Еркеғали Болатұлы 16.02.2023 | 12:17
ШҚО-да Храпунов иеленген ең шұрайлы жерлер мемлекетке қайтарылды
фото: yaplakal.com

Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – 533 участок деген сөз. Бұл туралы бүгін «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты. Ол өңірдегі ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен, Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімдері болғаны анықталды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама