Halyq Uni логотип
×

Елбасы туралы заңның күші жойылды: Нұрсұлтан Назарбаев сайтының атауы өзгерді

Тоқаев ҚР тұңғыш президенті туралы заңның күшін жоятын заңға қол қойды

 Халық үні 16.02.2023 | 09:47
Елбасы туралы заңның күші жойылды: Нұрсұлтан Назарбаев сайтының атауы өзгерді
Фото: depositphotos.com/Lyaza Tretyakova

15 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңның күшiн жою туралы конституциялық заңға қол қойды.

Биыл 13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.

Конституциялық заңның күші жойылған соң ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы өзгерді. Бұған дейін сайт атауы Elbasy.kz болса, бүгіннен бастап Nazarbayev.kz болып өзгерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама