Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының сәбиі дүниеге келді
Нәрестеге Аделя деген есім берілді
Бүгін Түркияда жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып жатқан Астана қаласының тұрғыны, жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Олжас Рахметовтің төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге Аделя деген есім берілген.
Олжас 1994 жылы Астана қаласында туған. Ол былтырдан бері Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінде өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыста үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған.
Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман-есен оралуын тілейміз!» – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.