×

Оралда 5 күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды

14 жастағы оқушы достарының үйінде болған

 Халық үні 15.02.2023 | 23:25
Фото: БҚО ПД

Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды.

14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді.

Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хаабарлауынша, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды.

«Ол Зачаган кенті Сарытау шағын ауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», -деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама