Halyq Uni логотип
×

Қарағанды ​​облысында балта ұстаған ер адам 1 жасар баласы бар ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған

Балтамен шабуыл жасаған 58 жастағы ер адам анықталды

 Халық үні 15.02.2023 | 20:33
Қарағанды ​​облысында балта ұстаған ер адам 1 жасар баласы бар ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған
Фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысында балта ұстаған ер адам бір жасар баласы бар ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шабуыл жасау әрекеті 11 ақпанда кешке Сарандағы Солнечная көшесінде болған. Жәбірленуші оқиға туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Әйелдің айтуынша, сол күні кешке күйеуі және қызымен жеке секторға күйеуінің ағасына қонаққа келген.

Отағасы ағасының үйіне кіріп кеткенде, көлікте әйел мен бала отырған. Осы кезде қолына балта ұстаған бейтаныс адам көлікке жақындап, есік тұтқасынан тартып, фарларын сындыра бастайды. Ана мен бала көліктің құлыптанып тұрғаны арқасында ғана аман қалған.

«Ол есікті аша алмай қайтып кетті. Мен тез күйеуіме қоңырау шалдым. Ол жүгіріп шығып, біздің жағдайымызды сұрады. Сосын бейтаныс адамға жүгіріп барғанда ол балтасын сілтей бастады. Күйеуім кері қайтты. Оны ұстау үшін полицияға арыз жаздық. Бірақ бізге ештеңе істемейтіндерін айтты. «Ол ешкімді өлтіріп, жаралаған жоқ, оны түрмеге отырғызатын себеп жоқ» деді. Қазір ол үйінде. Келесі құрбан кім болады? Бұлай қалдыруға болмайды. Біз бәріміз адамбыз және бәріміздің балаларымыз бар. Осыдан кейін өмір сүру қорқынышты», - деді жәбірленуші.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша полицияға тіркелді. Құқықбұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды ​​облыстық ПД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама