Halyq Uni логотип
×

Тоқаев ҚР тұңғыш президенті туралы заңның күшін жоятын заңға қол қойды

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 17:53
Тоқаев ҚР тұңғыш президенті туралы заңның күшін жоятын заңға қол қойды
Фото: elitar.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жоятын заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңға қол қойды, - деп жазылған хабарламада.

Биыл 13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан конституциялық заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров аталған заң жобасына қатысты баяндама жасады.

«Өткен жылы бүкілхалықтық референдум нәтижесінде елімізде жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституцияны жақтап Қазақстан халқының 77%-ы дауыс берді. Конституциялық реформа елімізде биліктер тармағы институттарын нығайтып, қоғамда демократияны қалыптастырудағы тәуелсіз 30 жыл ішіндегі ірі қадам, прогрессивті бағыт-бағдар. Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан тұңғыш президенті – елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Конституциямен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды. Сондықтан Мәжілістің бір топ депутаттары халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескеріп, аталған заң жобасын ұсынды», – деді ол Парламенттің бірлескен отырысында. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама