×

Жеке сот орындаушыларына қосымша өкілеттік беріледі – Әділет министрлігі

Жеке сот орындаушысыларында алимент төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы жоқ

 Ербол Тұрымбет 28.03.2022 | 13:29
көрнекі фото: parlam.kz

Қазақстанда жеке сот орындаушыларына қосымша өкілеттік беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, алимент төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оған хаттама толтырылуы қажет. Ал, мұндай құқық жеке сот орындаушысында жоқ. Бұл үшін ол борышкерді әділет органдарына алып келіп, ол жерде әділет органдарының лаузымды тұлғасы тиісті әкімшілік хаттама толтырады. Бұл ретте борышкер барғысы келмесе, онда оны полиция ғана мәжбүрлеп апара алады.

«Егер заңнамада жеке сот орындаушысына әкімшілік хаттама толтыру құқығы берілетін болса, онда бұл заң бұзушылар санын еселеп қысқартып, оларды тез жазалауға септігін тигізер еді. Сол арқылы борышты өтеуге мүмкіндік береді. Қазір атқарушылық өндіріс туралы жаңа заң тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Онда сот орындаушыларына дәл осындай өкілеттік енгіземіз», - деді Әділет министрі.

Осы ретте Әділет министрлігі облыс әкімдіктерімен меморандум жасап, тұрақты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіледі. Былтыр алимент бойынша берешегі бар 2,5 мың борышкер жұмысқа орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама