Таразда анасының алтын бұйымдарын ұрлаған қыз ұсталды
Ол кредит төлеу үшін ақша таппаған
Таразда полиция анасының әшекей бұйымдарын ұрлаған 19 жастағы қызды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Белгісіз біреу пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлаған.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер арызданушының 19 жастағы туған қызын ұстады.
Күдікті ұялы телефонының кредитін төлеу үшін ақша керек болғанын, сондықтан осындай қадамға барғанын айтты. Ол ұрланған заттарды ломбардқа өткізген. Қыз өз кінәсін толық мойындады, - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.