Президент оған жоғары баға беріп, жақсы ұрғанын айтты
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына барған жұмыс сапары аясында Степногорск қаласының спортшыларымен және бапкерлерімен кездесті.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі әлеуметтік желіге Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның өз соққысын көрсеткен видеосын жариялады. Президент соққыға арналған қап ретінде алақанын пайдалануды ұсынып, спортшыдан «орташа соққы» жасауын өтінді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Жоламанға жоғары баға беріп, оның жақсы ұрғанын айтты. Ал боксшы «Мен әлі қатты ұрмадым» деп күлді.
18 сағат бұрын TikTok-қа шыққан видео 361 мыңнан аса қаралым, 27,7 мың лайк жинаған.