Қазақстан теннисшілері Азия рейтингінде үздік ондықта жүр
16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан көш бастап келеді
Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингті жариялады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға шықты. Михаил Мищенко 114-ші, Роберт Каминский 139-сатыға орналасты.
Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан – 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда тұр.
Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан көш бастап келеді.
Қыздардан бес теннисші ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина – 2, Ариана Гогулина – 4, Даная Аманғажиева – 7, Полина Слепцова – 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында тұр.