Жұмыс ақпанның соңында толық аяқталады
Павлодарда тозған су құбыры енді ауыстырылып жатыр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Жобаға жауапты «Павлодар-Водоканал» компаниясы уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.
Катаев – Қамзин көшелеріне дейін Толстой көшесінің бойымен 500 метр су құбыры ауыстырылып жатыр. Осы аумақтағы су құбыры жоғары апатты жағдайда тұр. Осыған байланысты құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.
Қаржыландыру инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылады.
Үйлерге су беру тоқтатылған жоқ.