×

Павлодарда тозған су құбыры ауыстырылып жатыр

Жұмыс ақпанның соңында толық аяқталады

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 14:53
Фото: Павлодар әкімінің баспасөз қызметі

Павлодарда тозған су құбыры енді ауыстырылып жатыр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Жобаға жауапты «Павлодар-Водоканал» компаниясы уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрайды. 

Катаев – Қамзин көшелеріне дейін Толстой көшесінің бойымен 500 метр су құбыры ауыстырылып жатыр. Осы аумақтағы су құбыры жоғары апатты жағдайда тұр. Осыған байланысты құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада. 

Қаржыландыру инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. 

Үйлерге су беру тоқтатылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама