Halyq Uni логотип
×

Қазақстан төрешілері алғаш рет WTA 500 турнирінде төрелік етті

Отандастарымыз финалдағы ойындарға да қазылық жасады

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 14:25
Қазақстан төрешілері алғаш рет WTA 500 турнирінде төрелік етті
фото: ktf.kz

Еліміздің төрешілері алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен WTA 500 турнирінде төрелік етті.

Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов пен Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, финалға да қазы болды. Бұл турнирге 44 төрешінің 18-і финалға іріктеп алынды.

Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары, – ред.) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал матчтарында мінбеде қазылық етті.

Былтыр қарашада Юлия Игнатченко еліміздің төрешілері арасынан алғаш рет мінбедегі төреші ретінде күміс белгі иегері атанған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама