×

«Алтын доп» сыйлығына үміткер көбейді

Тізімде Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия да бар

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 14:01
фото: ашық дереккөз

Goal басылымы «Алтын доп» сыйлығына үміткер футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды. Жалпы, алғашқы үштік өзгермеген. Екінші орында Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы Килиан Мбаппе, ал үшінші орында Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» командасының форварды Эрлинг Холанд тұр.

«Барселона» жасағының өкілі Роберт Левандовски (Польша) «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы, бразилиялық Неймарды төртінші орыннан төмен сырғытып жіберді. Топ-ондықтың арасында Италияның «Наполи» командасында ойнайтын Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Хвича Кварацхелия да бар. Ол сегізінші орынға орналасқан.

 «Алтын допқа» үміткер топ-10 футболшының тізімі мынадай:

1.  Лионель Месси («ПСЖ»)

2. Килиан Мбаппе («ПСЖ»)

3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

4. Роберт Левандовски («Барселона»)

5. Неймар («ПСЖ»)

6. Маркус Рэшфорд («Манчестер Юнайтед»)

7. Винисиус Жуниор («Реал»)

8. Хвича Кварацхелия («Наполи»)

9. Виктор Осимхен («Наполи»)

10. Джамал Мусиала («Бавария»).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама