×

Жоғарғы сотта үй кезегіне тұра алмай жүрген жетімнің құқығы қорғалды

Оның пәтер ала алмай жүргеніне 18 жыл болған

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 14:17
Фото: aca.kz

Астанада қала әкімдігінің балалар үйінің тәрбиеленушісін үй кезегіне қоюдан бас тартуы заңсыз деп танылды, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Ол 1995 жылғы 25 тамыздан бастап Ақмола облысы Сандықтау ауданының Сандықтау ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленген.

2005 жылғы 18 сәуірде балалар үйінің директоры Астана қаласының әкіміне (жауапкерге) жетім баланы мемлекеттік тұрғын үймен, ал мұндай үй болмаған жағдайда жағдайы жасалған басқа баспанамен қамтамасыз ету туралы хат жолдаған.

2014 жылғы 26 желтоқсанда жауапкер талапкердің үй кезегіне қою туралы өтінішін қарап, оған қалада тұрақты тіркелу туралы мәліметті ұсыну керектігін хабарлаған. Бұл мәселе бойынша талапкер жауапкерге бірнеше рет жүгінген. Кейін ол үй кезегіне қалпына келтіруге негіздің жоқтығы туралы жауап алған.

Мұнымен келіспеген талапкер сотқа жүгінген, - деп жазылған хабарламада.

Жергілікті соттар бұл талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Талапкерді үй алуға мұқтаждардың кезегіне қоюдан бас тарту заңсыз деп танылды. Жауапкерге заңбұзушылықтарды жою және талапкерді 2014 жылғы 26 желтоқсаннан бастап тиісті кезекке қою міндеті жүктелген. 2005 жылдан бастап кезекті қалпына келтіру талабы қанағаттандырылған жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама