Одан әрі ол емделу үшін Испанияға барады
Бостандыққа шыққан Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына ұшып кетті. Одан әрі ол емделу үшін Испанияға барады.
Sputnik-Кыргызстан порталының хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев шет елге ұлы Қадырбек Атамбаевпен бірге кеткен.
Айта кетсек, саясаткер шет елге ұшуға бостандыққа шыққан соң мүмкіндік алды. Рұқсат Бішкектің Первомай аудандық сотының шешімімен берілген.
Экс-президентке екі операция жасау қажет. Ал өзі Испанияға сол елдің Үкімет басшысының шақыруымен баратынын айтты.