Halyq Uni логотип
×

65 жастан асқанда жұмыс істеп жүрген қанша зейнеткер бар?

Олардың арасына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті де қосуға болады

 Дәурен Ерболат 15.02.2023 | 12:15
65 жастан асқанда жұмыс істеп жүрген қанша зейнеткер бар?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 65 жастан асып, жұмыс істеп жүрген шамамен 83 мыңнан аса зейнеткер бар, деп хабарлады Ranking.kz.

2022 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша зейнет жасына толса да еңбек етіп жүрген 82,7 мың зейнеткер бар. Олардың арасына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті де қосуға болады. Бұл жас санатындағы қызметкерлер саны 2020 жылы бірден өскен. Ол кезде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны бірден 21,7 мыңға өсып, 65,3 мыңнан 87 мың адамға жеткен.

2021-2022 жылдары көрсеткіш аздап төмендеген: 4,4% және 0,6%. Алайда бұл көрсеткіштер төмендетіліп көрсетілуі де мүмкін.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары, Астана және Шымкентте 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер ресми түрде жоқ.

2022 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны әр өңірде әртүрлі. Осы санаттағы қазақстандықтардың көпшілігі солтүстік және орталық өңірлерде тұрады. Ресми тіркелгендердің жартысына жуығы (49%) Ақмола және Қостанай облыстарында: әр өңірде 20 мың адам. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 65 жастан асқан 10 мың жұмыс істейтін зейнеткер тіркелген.

Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Маңғыстау облыстарында байқалды: 115 және 244 адам.

Осы жас санатындағы жұмыс істейтін зейнеткерлердің 75%-дан астамы ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді (62,4 мың адам).

Зейнеткерлердің 4%-ы қоймаларда немесе жүргізуші болып еңбек етеді (3,6 мыңнан аса адам), ал 3 мың зейнеткер медицина саласында тер төгіп жүр. 2019 жылғы «коронадағдарыс» уақытымен салыстырғанда зейнетке шыққан дәрігерлердің саны 57,9%-ға өсті.

Құрылыс (2,2 мың) және өнеркәсіп (2,3 мың) сияқты салаларда 65 жастан кейін де жұмыс істеп жатқандар бар. 2022 жылы олардың саны пандемияға дейінгі уақытпен салыстырғанда көбірек болды: 3,2% және 37,8%. Бірақ мемлекеттік органдардағы басшылар мен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері саны кеміді: 2019 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 40,4%-ға азайды.

Алайда басқа салалармен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында зейнет жастан кейін де жұмыс істеуге дайын адамдар аз болды.

Өткен жылдың 3-тоқсанында ондай 268 зейнеткер тіркелді. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бар.

Былтыр елімізде 65 жастан асқан басшылар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілер саны бар болғаны 58 адам тіркелді.

Қазақстанда қартайған басшылардың жалпы саны 1,4 мыңнан сәл асады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз.

Жасы 65-тен асқан ресми түрде жұмыс істейтін зейнеткерлердің көбі профессор, ғылым докторы сияқты білім беру саласында еңбек етпейді. Олардың 67,9%-ы немесе 56,1 мың зейнеткердің қарапайым жұмысшы екені анықталды. Тағы 8,6%-ы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, сататын шаруалар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама