Балаларға ішімдік сатудың 21 дерегі тіркелді
Алматыда полиция үйсіз жүрген 43 баланы анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Қалада «Жасөспірім және көше» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
3 күнде полицияға құқық бұзған 398 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 43-нің үйсіз және ата-ананың қарауынсыз жүргені анықталды. Олар балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Полицейлер іс-шара барысында 30 жасөспірім мен 32 тұрмысы нашар отбасын анықтады. Олар есепке алынды. Түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат берген 36 лауазымды тұлға мен 333 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 3 күнде балаларға ішімдік сатудың 21 дерегі, темекі сатудың 20 фактісі анықталды, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.