Бүгін ауа райы қандай болады?
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қалың қар түседі
Қазгидромет 15 ақпан күні болатын ауа райы болжамын жариялады.
Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының басым бөлігіндегі құбылмалы ауа райы болжанады. Соған байланысты қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түрінде), желдің күшейюі, жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қалың қар түседі.