Петропавлдағы қайғылы жағдай: Оқушылардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Петропавл мектебінде болған оқиғаның мән-жайын баяндап, зардап шеккен оқушылардың жай-күйінен мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Марат Тасмағамбетов оқыс оқиға орын алған Петропавлдағы №4 мектеп әкімшілігі шұғыл әрекетке бірден көшкен: Жедел жәрдем көлігін шақыртып, «дабыл» белгісін іске қосқан. Соның арқасында оқиға орнына күзет агенттігінің кезекші тобы 3 минутта келіп жеткен.
«Мектеп дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендердің үшеуінің екеуі ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, кәмелетке толмағандардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - Марат Тасмағанбетов
Ол қазіргі уақытта аталған мектепте психологтар жұмыс істеп жатқанын айтты.