Алматы маңында жер сілкінісі болды
Оның тереңдігі – 25 шақырым
Бүгін Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлады ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы.
14 ақпанда Алматы уақытымен сағат 16:00-де жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, – деп жазылған хабарламада.
Энергетикалық санаты – 8.8.
MPV магнитудасы – 4.2.
Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.