Halyq Uni логотип
×

ҚАЖК Арон Атабектің өлімі туралы: «Медициналық тексерудің бәрінен бас тартты»

ҚАЖК төрағасының орынбасары Арон Атабекке қойылған диагноз дәрігерлік құпия екенін жеткізді

 Халық үні 02.12.2021 | 11:56
ҚАЖК Арон Атабектің өлімі туралы: «Медициналық тексерудің бәрінен бас тартты»
Арон Атабек, фото: odfoundation.kz

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев 15 жыл түрмеде отырып, жуырда денсаулығына байланысты босатылып, көп ұзамай қайтыс болған ақын Арон Атабектің өліміне байланысты пікір білдірді.

Арон Едігеев 2019 жылдан бастап медициналық тексерудің бәрінен бас тартты. Кейінгі кезде оның арықтай бастағаны байқалды. Туыстарына да айттық, олар келіп сөйлесті. Дәрігерлер ол кісімен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, қаралудың маңызды екенін түсіндірді. 22 қыркүйекте Павлодар қаласының N1 ауруханасына жатқызылды. 1 қазанда Павлодар қаласының сот шешімімен жаза мерзімі қысқартылып, босатылды, – деді Мейрам Аюбаев.

ҚАЖК төрағасының орынбасары Арон Атабекке қойылған диагноз дәрігерлік құпия болып саналатынын жеткізіп, оны жария етуден бас тартты.  

2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін ауруханада қайтыс болды.

Арон Атабек жатқан Алматыдағы «Медициналық көмек орталығының» өкілі Қуаныш Керімқұлов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, марқұмның қан айналымы тоқтап қайтыс болғанын айтты. Медициналық көмек орталығы Арон Едігеевке «аса ауыр деңгейдегі коронавирус инфекциясы» диагнозы қойылғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқанын, кейін ауыр жағдайда реанимацияға түскенін жеткізді.

Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген Арон Атабек Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін тәмамдаған. Кейін Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) мемлекеттік университетінің моңғолистика және түркология кафедрасы аспирантурасында оқыған. Біраз уақыт кино, баспа саласында жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама