Былтырғы 24 ақпаннан бері 3 286 соғыс машинасы жойылды
Украинаның Донецк облысының Угледар елді мекеніне жаппай шабуылға шыққан Ресей танктері миналы алқапта бірінен соң бірі жарылып кетті. Бұл туралы «Диалог. ua» хабарлады.
Ресей армиясы Угледарға шабуыл кезінде орасан зор көлемде техника мен әскер санын жоғалтуын жалғастырып келеді, – делінген хабарламада.
Басқыншылар шабуыл барысында украин әскері арнайы жасап кеткен миналы алқапта тағы көп қырғынға ұшырады. Мұнда танктердің бәрі бірінен кейін бірі отқа оранды.
Өткен тәулікте басқыншылар соғыстың барлық бағыттарында да жойылып кетті. Украина сарбаздары кеше тағы 740 ресейлікті жер жастандырды.
Сонымен, украин даласында соғыс басталғалы сүйектері шашылып қалған оккупанттардың саны 139 080-ге жетті.
«Украинская правданың» хабарлауынша, бұдан басқа, былтырғы 24 ақпанан бері 3 286 танк, 6,5 мың бронды соғыс машинасы, 2 299 артиллериялық жүйе және 2 011 ұшқышсыз ұшақ жойылған.