Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асты
42 мыңдай ғимарат толықтай қираған
Қазір Түркия мен Сирияда табылған зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асқан.
Түркияда 31 мыңнан астам, ал Сирияда 5 700 адам қаза тапты. Апат болған аймақтарда азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, көтергіш крандар тапшы. Он қаладағы 42 мыңдай ғимарат толықтай қираған, қатты зақымданған немесе бұзуды қажет етеді.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Түркияда ережеге бағынбаған сапасыз құрылыс мәселесі қайта көтеріліп отыр. Ал жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттарды салған компаниялардың 12 өкілі ұсталып, тағы 131 адам тергеліп жатыр.