×

Талғарда «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады

Басқосу ұлттық спорт ойынын дамыту мақсатында болады

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 10:52
фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады.

Басқосуда федерацияның жаңа сайланған президенті М. Жұман ұйымның өңірлердегі өкілдерімен, төрешілермен және спортшылармен кездеседі.

Жиынға Ұлттық және ат спорты түрлері РМҚК-ның вице-президенті Б.Сәбитов пен «Аударыспақ» федерациясының директоры С.Хандуллаев қатысады.

Іс-шара аударыспақ ұлттық спорт ойынын 2027 жылға дейін дамыту және насихаттау, еліміздің спортшыларын 2024 жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындау мақсатында өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама