Halyq Uni логотип
×

Қапшағай қаласының атауын өзгертуді халық бірауыздан қолдап отыр – Қанат Бозымбаев

Қапшағайлық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады

 Айнұр Шошаева 28.03.2022 | 09:53
Қапшағай қаласының атауын өзгертуді халық бірауыздан қолдап отыр – Қанат Бозымбаев
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге байланысты айта келе, Семей аймағында Абай облысын, ал бұрынғы Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ Алматы агломерациясына қатысты түйткілдерді шешу үшін Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Яғни, Алматы облысының орталығы Қапшағайда, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады.

Сондай-ақ жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, бұл пікірді қолдайтынын айтты.

24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың «Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаев деп қайта атау туралы» мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Комиссия отырысында Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары қала атауын өзгертуді қолдады.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев алдағы күндері ономастикалық комиссия тиісті шешімін шығаратынын, сосын ол Үкіметтің қарауына жіберілетінін айтты.

Бұл жақтағы халық бірауыздан қолдап отыр. Тез арада шешімін табады деп ойлаймын, - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама