Түркияда үйінді астынан тірі шыққан қыз: «Ең қиыны – жер сілкінісінен кейінгі бірнеше сағат»

Халық үні

Аман қалған қыз үйінді астында екі тәулік бойы жатқан

Фото: Almaty.tv

Түркияның Газиантеп қаласында бір отбасының бес адамы үйінді астынан құтқарылды. Олардың арасында ата-анасы, ұлы мен екі қызы бар, деп хабарлады Massaget.kz порталы Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінен аман қалған түркиялық оқиғаның қалай болғанын баяндады. Гизем Озканның айтуынша, ол үйінді астында екі тәулік бойы жатқан.

«Ең қиыны – жер сілкінісінен кейінгі алғашқы бірнеше сағат. Тыныс ала алмайсың, үстіңнен ауыр зат қысып тұрады. Ешқайда шыға да алмайсың. Бірнеше сағат өткен соң бойың үйрене бастайды. Адамдардың дауысын естіген кезде аман қалуға мүмкіндік бар екенін ұғып, есіңді жиясың», - дейді Гизем Озкан. 

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады. Бұған дейін Түркия президенті жер сілкінісі салдарынан үйінен айырылған азаматтарға бір жыл ішінде 3-4 қабатты үй салу жоспарда бар екенін айтты.