Түркияда үйінді астынан аман шыққан ер адам 4 жасар қызымен 6 күннен соң қауышты
Жер сілкінісінен әйелі мен ұлынан айырылған кісі баласымен Адана қаласында кездесті
Түркияның Хатай провинциясындағы Антакья ауданында болған жер сілкінісінен кейін әкесі 4 жасар қызын таба алмаған, деп хабарлады NTV телеарнасы.
Жер сілкінісінен әйелі мен ұлынан айырылған ер адам 4 жасар қызымен 6 күннен кейін Адана қаласында кездесті.
Әке мен баланың кездесу сәтінен видео жарияланды.
Қазір эпицентрі Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарын еске алу үшін Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Түркияның мемлекеттік туы бүкіл елде жартылай түсірілді.