×

Жетісу облысында 17 жастағы бозбала екі адамды пышақтаған

Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

 Халық үні 13.02.2023 | 23:27
Фото: видеодан алынды

Жетісу облысында жасөспірім екі адамды пышақтаған, деп хабарлады Almaty.tv.

Соның салдарынан 17 және 18 жастағы жергілікті 2 тұрғын бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты. Алайда біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Адам шошырлық жағдай осыдан 3 күн бұрын Көксу ауданы Балпық би ауылында болған.

Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 24 және 99-бабына сәйкес жүргізіледі, – деді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Меруерт Темірханова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлдағы №4 орта мектепте қаруланған 9-сынып оқушысының 3 балаға шабуыл жасағаны туралы мәлімет берілген еді. Содан кейін Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі барлық мектептің қауіпсіздігі тексерілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама