Halyq Uni логотип
×

14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Батыста және оңтүстікте жел күшейеді

 Халық үні 13.02.2023 | 20:45
14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжиды, жұмыс аптасының басталуы бұлтты болады, жауын-шашын негізінен қар түрінде, жаяу бұрқасын, еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстарымен бірге өтеді.

«16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыста және оңтүстікте жел күшейеді. Ал температуралық фонда өзгерістер болмайды»,  – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама