×

Павлодарда бүлдіршіндер мен оқушылар шұғыл эвакуцияланды

Хат 18 білім беру ұйымының электронды поштасына түскен

 Дәурен Ерболат 13.02.2023 | 17:37
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда мектептер мен балабақшалар мина қойылғаны туралы хат алған, деп хабарлады қалалық білім беру басқармасы.

Оның ішінде №5, 9, 14, 17, 23, 28, 30, 33, 35, 38, 40, 43, Б. Момышұлы атындағы, А. Шамкенов атындағы мектептер бар. Сондай-ақ хатта №10, 45, 50, 57 балабақшаларға да қауіп төніп тұрғаны туралы жазылған. 

Бүгін, 13 ақпанда сағат 10:51-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепке мина қойылғаны туралы хабарлама түсті. Білім ордасы терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесіне сәйкес, 102 қызметіне қоңырау шалды, – деп жазылған хабарламада.

Оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектеп стадионына эвакуацияланды. Ғимарат тексерілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді.

Оқиға орнына арнайы қызмет келіп, мектепті толық зерттеді, алайда ештеңе табылмады.

Екінші ауысым штаттық режимде оқыды. 

№34, 35 мектептерде де оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Қалған мектептер мен балабақшаларда эвакуациясыз тексеру жүргізілді.

Айта кетейік, бүгін полицияға №34 мектеп директорының электронды поштасына «мектепте мина қойылған» деген мазмұндағы хабарлама түскен. Жедел топтың қызметкерлері мектепті тексеріп, 1 115 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 950 оқушы бар.

Сондай-ақ №35 мектептен 1000 адам эвакуацияланды.

Хатта белгісіз адам барлығын жек көретінін және қалғандары да соны сезгенін қалайтынын жазған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама