Halyq Uni логотип
×

Еліміз Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды

Шетелдік туристер көбінесе Астана, Алматы және Шымкентте демалады

 Дәурен Ерболат 13.02.2023 | 16:16
Еліміз Үндістандағы беделді туристік сыйлыққа ие болды
Фото: МСМ

Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

VETA – Үндістанның туризм саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шарасының бірі. Онда саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан үздік компаниялар мен туристік орындар марапатталады. Марапаттау рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.

Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен бері біз Қазақстанға үнді саяхатшылары санының айтарлықтай өскенін көрдік. Біз танымал туристік бағыт ретінде танылғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл – жетістік Қазақстанды қалалық, экологиялық, мәдени және MICE туризм бағыты ретінде ілгерілетуде бірлескен жігердің нәтижесі, - деді ол.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанға 28 300 үндістандық келген.

Eqonaq жүйесінің дерегінше, бүгінде еліміздегі қонақ үйлерде Үндістаннан 2 мыңнан аса адам тоқтаған. Олар көбінесе Алматы, Астана және Шымкент қалаларында демалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама