×

Денис Никиша шорт-тректен әлемнің үздік спринтері атанды

Биыл ол екінші рет Әлем кубогының иегері болды

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2023 | 13:26
фото: ашық дереккөз

Денис Никиша Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының қорытынды бесінші кезеңінде үздік атанды. Ол 500 метрге жарыста жалпы есепте 402 ұпаймен бірінші орын алды.

Ол былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алған еді. Одан кейін Алматыда өткен екі кезеңде алтын, күміс және қола медальді иеленген болатын. Енді міне, шорт-трекші Нидерландта Алматыдағы нәтижесін қайталап, Әлем кубогында мәреге тағы да бірінші келіп жетті.

Осы жарыста Абзал Әжіғалиев үздік ондықтан (8-орын) көрінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама