2023 жылы 123 мыңға жуық үміткер қатысты
Биыл қаңтарда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде ережені бұзғаны үшін 160 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, түлектердің 95 мыңы (77%-ы) қазақ тілінде, 28 мыңы (23%-ы) орыс тілінде, 91 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 76 болды. Ең жоғары балл – 139. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы 15-тен 20-ға азайды. Математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут), - деді Руслан Емелбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ 160 талапкердің нәтижесі жойылған.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 98 адам аудиториядан шығарылды. Олардың нәтижесі жойылды. ҰБТ-ға кіру барысында өзімен тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 62 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.
Сондай-ақ Руслан Емелбаев биыл ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілгенін атап өтті. Нәтижесінде бөгде адамдардың талапкердің орнына тест тапсыру дерегі анықталмаған.