Halyq Uni логотип
×

ОСК Мәжіліс сайлауына 62 шетелдік байқаушыны тіркеуге алды

ДИАҚБ миссиясының 2 мүшесінің сайлауға қатыса алмайтыны туралы нота жіберілген

 Еркеғали Болатұлы 13.02.2023 | 12:07
ОСК Мәжіліс сайлауына 62 шетелдік байқаушыны тіркеуге алды
фото: Абзал Калиев

Орталық сайлау комиссиясы тағы 12 шетелдік байқаушыны аккредитациядан өткізді.

ОСК мүшесі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, комиссия халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 3 ел мен 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушыны аккредитациядан өткізген.

13 ақпандағы жағдай бойынша, Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны аккредитациядан өткізу ұсынылды, - деді ол.

Атап айтқанда, Корея Республикасынан 1, Қырғызстаннан 1, Таиланд корольдігінен 1 және ТМД байқаушылар миссиясынан 7, ал Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан 2 байқаушыны тіркеу ұсынылған.

Сондай-ақ бұған дейін Мәжіліс сайлауын бақылауға аккредиттелген Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының 2 мүшесінің сайлауға қатыса алмайтыны туралы нота жіберілген. Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысының тіркеуі кері қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама