Halyq Uni логотип
×

Х Азия чемпионаты: Қазақстан алты алтын жүлде жеңіп алды

Сонымен бірге еліміздің қоржынында 3 күміс пен 3 қола медаль бар

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2023 | 11:08
Х Азия чемпионаты: Қазақстан алты алтын жүлде жеңіп алды
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні Қазақстан спортшылары 5 медаль жеңіп алды.

Әуелі әйелдер арасында биіктікке секіру сайысында барлық медальді ұлттық құраманың спортшылары иеленді. Надежда Дубовицкая алтын медаль алса (1.89 метр), Кристина Овчинникова күміс жүлдені (1.89 метр, мүмкіндік саны жағынан есе жіберді, – ред.), Елизавета Матвеева (1.84 метр) қола медальді иелденді. Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Азия чемпионатында алғаш рет болып отыр.

Осыдан кейін эстафетада (4*400 м) еліміздің екі құрамасы жеңімпаз атанды.

Құрамында Аделина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева мен Элина Михина бар әйелдер құрамасы мен Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвиннен жасақталған ерлер құрамасы алтын жүлде алды. Ерлер құрамасы осы қашықтықты 3.09.15 секундта жүгіріп, еліміздің жаңа рекордын жасады.

Сондай-ақ Шэдрак Кимутай Коеч 3 мың метрді 7.59.84 секундта жүгіріп, 3-орын алды.

Азия чемпионатының соңғы күні  Давид Ефремов те (суретте) елімізге тағы бір алтын медаль сыйлады. Ол 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 7.65 секунд нәтиже көрсетіп, жабық кешендегі Азия чемпионы атанды.

Осылайша, ұлттық құрама чемпионатта 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медальға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама