Аталған факті бойынша тергеу жүргізіледі
Бүгін таңғы сағат 07:43-те Нұр-Cұлтаннан Алматыға ұшып шыққан А321 әуе кемесі (Air Astana) техникалық себепке - герметикалықты жоғалтып алуына байланысты әуежайға қайта оралды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Әуе кемесі таңғы 08:32-де елорда әкежайына сәтті қонған. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған.
Аталған деректі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексереді.