Halyq Uni логотип
×

158 жолаушы мінген ұшақ елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіледі

 Халық үні 27.03.2022 | 09:43
158 жолаушы мінген ұшақ елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгін таңғы сағат 07:43-те Нұр-Cұлтаннан Алматыға ұшып шыққан А321 әуе кемесі (Air Astana) техникалық себепке - герметикалықты жоғалтып алуына байланысты әуежайға қайта оралды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әуе кемесі таңғы 08:32-де елорда әкежайына сәтті қонған. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. 

Аталған деректі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама