×

Екібастұздықтар тағы жылусыз отыратын болды

Жұмыс 6 сағатқа жоспарланған

 Дәурен Ерболат 13.02.2023 | 09:41
Фото: t.me/KZgovernment

Екібастұздағы жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады «Екібастұзжылуэнерго» компаниясы.

Осыған байланысты қаладағы кейбір нысанға жылу берілмейді.

Биыл 13 ақпанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін Әлия Молдағұлова көшесі, 102-де жылу желісі жоспарға сәйкес жылудан ажыратылады, - деп жазылған хабарламада.

Компания жұмысшылары ілмекті арматураны бөлшектеп, құбырды жуып-шаяды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама