4 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда 1700-ге жуық қазақстандық COVID-19-дан емделіп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 647 адам коронавирустан (1 485 КВИ+, 162 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.