Түркияның Қазақстандағы елшілігі халыққа үндеу жолдады
Көрсетілетін көмектің тізімін жариялады
Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.
«Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/ Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар», - делінген хабарламада.
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:
- шатыр,
- генератор,
- жылытқыш,
- көрпе,
- ұйықтайтын сөмке.
Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.