Тұрғындарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда
Түркияның Хатай провинциясынан үш жасар қыз 150 сағаттан кейін үйінді астынан шығарылды.
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Twitter-де хабарлады.
Қазір аймақтағы жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тұрғындарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.