Halyq Uni логотип
×

Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адамды қамауға ордер берілді

Жер сілкінісі салдарынан 80 278 адам зардап шеккен

 Халық үні 12.02.2023 | 19:57
Түркияда қираған ғимараттар үшін 113 адамды қамауға ордер берілді
фото: AFP 2023 / ADEM ALTAN

Түркияның 10 провинциясында Әділет министрлігінің тапсырмасымен жер сілкінісіне байланысты қылмыстарды тергеу бөлімдері ашылды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды. 

Түркияның вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттар үшін 131 күдікті анықталды, оның біреуі қамауға алынды, тағы 113 адамды қамауға алу туралы ордер берілді.

Бұған дейін Түркияның апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі салдарынан 80 278 адам зардап шеккенін хабарлаған. Оқиға орындарында кемінде 218 406 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Апта басында Кахраманмараш провинциясында болған 7,7 және 7,6 балдық зілзала дүмпулері Адана, Адияман, Диярбакыр, Газиантеп, Хатай, Килис, Малатия, Османие және Шанлыурфа сияқты 10 провинцияда және көршілес Сирия мен Ливанда сезілді.

Сонымен қатар, елдің қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум 10 провинциядағы 171 882 ғимаратқа тексеру жүргізілгенін айтты.

«Біз 24 921 ғимаратта барлығы 120 940 құрылыстың құлағанын, шұғыл бұзуды қажет ететінін немесе қатты зақымдалғанын анықтадық», - деді М. Курум.

Оған қоса, 10 провинцияда 122 279 ғимарат шамалы зақымданған немесе мүлде зақым келмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама