×

Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылды

Бұл туралы 2 айдан кейін енді ғана белгілі болып отыр

 Еркеғали Болатұлы 12.02.2023 | 15:08
фото: ашық дереккөз

Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады tengrinews.kz.

Негізі ол қызметінен 2022 жылдың желтоқсанында босатылған. Бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Еске сала кетсек, Марат Бекетаев 2007-2010 жылдары Әділет вице-министрі қызметін атқарған. Ал 2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2016-2022 жылдары Әділет министрі, 2022 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама