Қостанай облысында жол жөндеу жұмыстарына 37,3 млрд теңге жұмсалмақ
Қаржының басым бөлігі орташа жөндеуге тиесілі
Былтыр Қостанай облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 21,8 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлады Halyq Uni.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, бұл қаржыға 506 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар, сондай-ақ елді мекендердің көшелері ретке келтірілген.
2023 жылы 722 шақырым жолға 37,3 млрд теңге жұмсамақ. Негізгі үлес орташа жөндеуге тиесілі. Бірақ қаражаттың көп бөлігі күрделі жұмыстар мен қайта құруға жіберіледі.
Мәселен, 700 шақырымның оннан бір бөлігіне асфальт төселмейді. Жөндеу жұмыстары қиыршық таспен жүргізіледі. Бірақ бұл өңірдің аз қоныстанған аудандарына келгенде экономикалық тұрғыдан ақталады», – деп жазды «Костанайские новости» басылымы.