Азияның ең мықты футболшысы кім?
30 жастағы ойыншы бұл атақты алтыншы жыл қатарынан алып отыр
«Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Мин Азияның 2022 жылғы ең мықты футболшысы атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
Оңтүстік кореяның 30 жастағы ойыншысы бұл атақты алтыншы жыл қатарынан алып отыр.
Бұл таңдау азиялық футбол журналистері мен сарапшыларының дауыс беруі арқылы жасалған.
Сон Хын Мин 256 ұпай жинаса, 2-орында Мехди Тареми («Порту», Иран құрамасы) және 3-орынды Салем Әл-Давсари («Әл-Хиләл», Сауд Арабиясының құрамасы) иеленіп отыр. Соңғы екеуі де 120 балдан жинаған.
Айта кетсек, Сон Хын Мин биылғы маусымда 28 матчқа қатысып, 8 гол салған және 4 ассист жасаған.